Келер жылы Таразда 1 380 пәтер пайдалануға беріледі

181

Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 гектар жер телімінде жаңа екі мөлтек аудандарының құрылысы басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

– Аталған аудандарда «7-20-25» бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, биыл 10 көппәтерлі үйде 800 пәтер, 2019 жылы — 20 үйде 1 380 пәтер пайдалануға тапсырылатын болады.  Жалпы, Тараз қаласында бағдарламаға қатысуға ниет білдірген азаматтарға ұсыну үшін 686 пәтер бар, – деді облыс әкімі.

Облыста бір пәтерге ең жоғарғы заем сомасы орта есеппен 12,0 млн. теңге болса, бір айға төлемақысы 85 мың теңге, ал ең төменгі 5 млн.теңге несиеге айлық төлемақы 35 мың теңгені құрайды (10 млн. — 71 мың теңге, 7 млн. — 51 мың теңге).

Бүгінгі таңдағы мәлімет бойынша, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалында бүгінде 44 648 салымшыдан 9,9 млрд. теңге жиналған. Биыл тапсырылатын 10 көп қабатты тұрғын үйден пәтер алуға 1039 азамат ниет білідіріп отыр екен. Жалпы, 8 айда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы арқылы 3,9 млрд. теңгені құрайтын 547 несие берілген. «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 211, 6 млн. теңгеге 23 өтініш түсіп, барлығы қолдау тапқан.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.