Қазақстандық кәсіпкерлер үшін шетелдік нарық ерекшеліктерін көрсететін карта әзірленеді

42

Қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік нарыққа шығуға жөн сілтейтін карта әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  ҚР Сыртқы  істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты.

«Инвестициялар тартуға және өз өнімдерін экспортқа шығаруға мүдделі отандық компанияларға тікелей көмек көрсетуді жалғастырудамыз. Шағын және орта бизнеске экономиканың ең маңызды драйвері ретінде ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпкерлерімізге экспорттық нарықтар ерекшеліктері туралы бағдар беруіміз қажет. Бұл үшін біздің министрлік «Атамекен» палатасымен бірлесіп кедендік, салалық және басқа да рәсімдердің ерекшеліктерін көрсететін шетелдік нарықтар бойынша жол көрсеткіш әзірлеуді қарастыруда», — деді Қайрат Әбдірахманов.

Министр Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы айта  келе қолайлы визалық саясатты қалыптастыру жөніндегі белсенді жұмысқа назар аудартты.

«ЭЫДҰ, Еуропалық одақ елдері, сонымен қатар Малайзия, Маноко, БАӘ және Сингапур үшін визасыз режім  енгізілді. 20 елмен өзара визасыз режім бар. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықаралық тәжірибені қарастырдық және осы жылы бірқатар ел үшін электронды виза жөнінде ілкі жобаны енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.