Қазақстанда шетелдік инвестиция мен экспорт көлемі артып келеді

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіне салынған шетелдік инвестициялар көлемі артты, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы бойынша нақты базалық мақсаттар айқындалып, оларды кезең-кезеңімен жоспарлы түрде орындап келеміз. Жаңа индустриялық өсім нүктелерін құра отырып, кәсіпорындарды жаңғыртудамыз. Сектордағы тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің 2,8 есеге ұлғаюы бизнестің қызығушылығын туғызып отыр. Ал, саланың негізгі капиталына салынған инвестиция 1,8 есе өсті», — деп жазды министр Facebook желісінде.

Оның айтуынша, министрлік отандық өнеркәсіптің ішкі ғана емес, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетті болуы үшін күш салып келеді.

«2018 жылдың алғашқы 6 айында бағдарламаны іске асыру көрсеткіштері жаман емес. Өңдеу секторында 4 922,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 5,2% өсім бар. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемі 22,1%-ға өсіп, 2 515,3 млн АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі артты», — дейді Жеңіс Қасымбек.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.