KASE: Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 346,07 теңгені құрады, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі  inform.kz  сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,91 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға — 345,9 теңге, ал ең жоғарысы — 346,4 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 28,7 млн долларға жетті.

Дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 346,98 теңге, күндізгі сессияда 347,14 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 347,06 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 138,05 млн долларды құрады.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.