Қазақстанда 22,1 млн тонна астық бастырылды | arainews.kz

Қазақстанда 22,1 млн тонна астық бастырылды

129

22 қазандағы көрсеткіш бойынша, Қазақстанда 22 млн 110,4 мың тонна астық бастырылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, еліміздің диқандары 14 млн 949,3 мың гектар алқаптың егінін жинап, 99,2% көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Ал орташа өнімділік гектарына 14,8 центнерді құрады.

2017 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 15 млн 325,6 мың гектар, яғни 99,7% алқаптың егіні орылып, 22 млн 93,9 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 14,4 центнерді құраған.

2018 жылы егіс алқаптарының жалпы аумағы 15 млн 63,1 мың гектар болса, 2017 жылы 15 млн 365,2 мың гектарға жеткен.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.