Қарағандыда Жәбірленушілер қорына 2 млн теңге өндірілді | arainews.kz

Қарағандыда Жәбірленушілер қорына 2 млн теңге өндірілді

176

«Жәбірленушілер қоры туралы» заң күшіне енгеннен бастап Қарағанды облыстық соты 69 сотталушыдан 2 миллион теңгеден астам қаржы өндірген.

Қор жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті жылдам түрде көрсету мақсатында құрылды. Өтемақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 5-30 АЕК көлемінде болады. Сонымен қатар, қор процессуалдық бұзушылық есебінен және түзету жұмыстары түріндегі жаза тағайындалған сотталған адамдардың төлейтін сомасы есебінен толықтырылады.

Заң бойынша қор қаржысы екі жыл аралығында жинақталып, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап өтемақы төлеу басталады. Өтемақыны жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар бойынша кәмелетке толмаған жәбірленушілер, адам саудасы және азаптаулардан зардап шеккен тұлғалар, денсаулығына зор нұқсан келтірілгендер не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырғандар ала алады. Егер жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің заңды өкілдері алуға құқылы.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.