Күй тыңдап, білімін арттырып қайтты

57

«Баласағұн» орталық концерт залында К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы аясында Жамбыл облысы композиторларының шығармаларын насихаттауға арналған Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Жаңарған Жамбыл күмбірі» атты танымдық концерттік бағдарламасы мектеп оқушларына ұсынылды.

К. Әзірбаев күйімен саxна шымылдығын ашқан оркестр, қазақтың танымал xалық күйлерін орындады. Сондай-ақ, концерт барысында жас көрермендер оркестрмен кеңінен танысып, ұлттық аспаптарымыздың ерекшеліктерімен және ондағы ойналатын шығармалардың тарихынан мол мәліметтер алып, дәстүрлі музыкамыздан дәрістер тыңдады. Оркестрдің әуелетіп ойнаған әрбір шығармасы тыңдаған жанға рухани ләззат сыйлағаны анық. Концерт өте жоғары деңгейде өтті, ұстаздар мен ата-аналар шексіз алғыстарын білдіріп, Қазақ ұлт аспаптар оркестріне шығармашылық жетістіктер тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.