Головкин The Ring нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көш бастап тұр

Боксқа маманданған белгілі The Ring журналы салмақ санатынан тыс әлемнің үздік боксшыларының (pound-for-pound) тізімін жариялады, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші орында украиналық Василий Ломаченко келеді, үздік үштікті америкалық Теренс Кроуфорд түгендеген.

ТОП-10 тізімінің төменгі бөлігі өзгеріске ұшыраған: Элейдер Альварестен жеңілген Сергей Ковалев үздік ондықтан шығып қалды, оның орнына, тоғызыншы сатыға Донни Ньетес келіп орналасты. Үздік он боксшылар тізімін Лео Санта Круз қорытындылады.

P4P рейтингінің үздік ондығы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)

2 (2). Василий Ломаченко (Украина)

3 (3). Теренс Кроуфорд (АҚШ)

4 (4). Александр Усик (Украина)

5 (5). Майки Гарсия (АҚШ)

6 (6). Наоя Иноуэ (Жапония)

7 (7). Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)

8 (8). Эррол Спенс (АҚШ)

9 (10). Донни Ньетес (Филиппины)

10 (-). Лео Санта Круз (Мексика)

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.