Г. Мұхтарқұлова Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды | arainews.kz

Г. Мұхтарқұлова Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды

519

Гүлсара Мұхтарқұлова Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі-баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
Ол еңбек жолын 2008 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастаған. Кейіннен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі қызметіне ауысты. 2008 жылдан бастап «Жастардың жарқын болашағы» ЖҚБ төрайымы.
2013 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік әкімшілік қызметші ретінде ішкі істер органдары сапында қызмет атқарған. Алғашында Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысы міндетін атқарушы, кейіннен көші-қон полициясы басқармасы сыртқы көші-қон бөлімінің инпекторы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысы-облыстық ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы-полиция департаменті бастығының баспасөз хатшысы болды.
Тұрмыс құрған, бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.