Елбасы Ақтөбе облысындағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді | arainews.kz

Елбасы Ақтөбе облысындағы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді

129

Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әсем» оқу-сауықтыру орталығында болды. Кейін өңірдегі атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

«Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беремін. Облыста көп жұмыстар жасалып жатыр. Адам өмірінің жақсы болуы мемлекеттің, облыстың экономикасына байланысты. Экономика 5 пайызға өсіп отыр, әлеуметтік жағдайлардың барлығы жасалып жатыр. Облыстарда газдандыру жұмыстары жүруде. Жол салынып жатыр, әлі де салынады. Үй құрылысы жүріп жатыр. Әрине, кемшіліктер бар. Менің Жолдауым бойынша ең төменгі жалақы алатындардың еңбекақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл ондаған мың адамның жағдайы түзелетін болады деген сөз. Жағдай түзелу үшін жұмыс істеу керек. Ал, жұмыс істеген адам жаман тұрмайды. Қазақстанда ол үшін барлығы бар»,-деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев пен қала, аудан әкімдеріне және барлық мемлекеттік орган қызметкерлеріне алғысын білдірді. Жұмыстарын бағалады. «Жұмысты осылай жалғай беріңіздер» деп тапсырды.

Айта кетейік, Дарынды балаларға арналған оқу-сауықтыру орталығының мақсаты – жеткіншектердің бойындағы ғылым, өнер, өнер мен техникалық шығармашылықты дамыту. Орталық жыл бойы жұмыс істейді. Аудандардан, облыс орталығы мен алыс-жақын шет елдерден балалар келіп демала алады. Барлық жағдай жасалған.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.