Денсаулық министрі жергілікті МЖӘ-ді жүзеге асырудағы проблемаларды атады

57

Еліміздің бірқатар өңірінде ауруханаларды салу бойынша ірі жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біржанов айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша проблемалық мәселе бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін бір өңір бойынша үш жыл кезеңіне экономиканың барлық секторларына лимит орташа 58 млрд теңге келеді. Бұл ретте, көп бейінді аурухана құрылысы бойынша 1 ірі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы үшін міндеттемелер шамамен 60 млрд  теңгені құрайды.

«Осыған байланысты, министрлік мынаны ұсынады: бірінші, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессия жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимитін ұлғайту және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын іске асыру аясында денсаулық сақтау саласына міндеттемелердің сомасын бекіту мүмкіндігін қарау; екінші, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессия жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігін қарау ұсынылады», — деді министр.

Мәселен, Е.Біртановтың айтуынша, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында ауруханаларды салу бойынша ірі жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың қажеттілігі бар.

«Осыған байланысты, Ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен бірлесіп, аталған мәселені пысықтау ұсынылды», — деді министр.

Үкімет отырысында Елжан Біртанов амбулаториялық-емханалық нысандарын салу «бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік» аясында іске асырылатындығын айтқан еді.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.