Дәрігер салғырттық танытпауға міндетті! | arainews.kz

Дәрігер салғырттық танытпауға міндетті!

210

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесі медицина бөлімінің қызметкерлері сотталғандар арасында қауіпті дерттің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстарды жан-жақты жүргізуде. Жаазасын өтеушілердің сырқатын дер кезінде анықтап, сапалы түрде емдеп шығуға күш салуда. Мекемеге жаңадан келген жазасын өтеушілер толық кешенді клиникалық, рентгенологиялық, зертханалық, функционалдық зерттеулерден өтеді. Мұндағы ақ халаттылар жергілікті денсаулық сақтау басқармалары және емханаларымен бірігіп іс жүргізіп отырады. Бұдан бөлек, сотталғандарды уақтылы профилактикалық тексерулерден өткізіп тұрады. Сондай-ақ аурулардың алдын-алу жолдары мен оны мүлде болдырмау мақсатында арнайы іс- жоспарлар аясында семинар кеңестер, тренингтер мен лекциялар тұрақты жүргізіліп тұрады. Дәл осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда аталған мекемеде қауіпті дертке шалдыққан сотталған азаматтар тіркелмеген.

Дилора Барат,

ЖД-158/5 мекемесінің фельдшері, әділет кіші лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.