Дүниежүзілік стандарттар күні аталып өтті | arainews.kz

Дүниежүзілік стандарттар күні аталып өтті

147

Тараз гуманитарлық-инновациялық университетінің акт залында Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Жамбыл филиалы және Тараз инновациялық-гуманитралық университеті бірлесе отырып ұйымдастырды. Аталған шара техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы А. Ахметова сөзімен ашылды.

Осы күні бүкіл әлемдік ғылыми-техникалық қауымдастықтары дүниежүзілік стандарттар күнін стандарттау жұмысының маңыздылығына орай атап өтеді. Ағымдағы жылы дүниежүзілік стандарттар күні «Халықаралық стандарттар және төртінші өнеркәсіптік революция» ұранымен өткізіледі.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер палатасы, өндірістік кәсіпорындар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

ҚР даму инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалының директоры Асқар Мыңбаев «Применение международных стандартов на территории РК» атты баяндама оқыды.

Іс-шараның басты тақырыбы халықаралық үлгіге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастыруға бағытталған,  стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің рөлін арттыру, ұлттық стандарттардың мәртебесін көтеру, пайдаланушыларға стандарттау құжаттарының қолжетімділігін қамтамасыз етудегі «Стандарттау туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру болып табылды.

Іс шараның соңында стандарттауды дамытудағы қосқан үлесі үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен мамандары құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.