Чувашияда микроавтобус апатқа ұшырап, 13 адам қаза болды | arainews.kz

Чувашияда микроавтобус апатқа ұшырап, 13 адам қаза болды

196

Чувашия Республикасында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан көз жұмғандар саны 13 адамға жетті.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Агенттік тартқан мәліметтерге қарағанда, құрбан болғандар туралы мәліметтерді медицина ұйымдарындағы дереккөз таратқан.

«Жалпы мерт болғандар саны 13 адам», — деді ол.

Дереккөздің мәліметтерінше, ауруханаға 7 адам жеткізілген, олардың 4-уінің жағдайы ауыр. Тағы біреуінің денсаулық жағдайы орташа. Тағы екеуі жеңіл жарақат алған. Микроавтобустың бір жолаушысы мен жүк көлігінің жүргізушісіне амбулаториялық көмек көрсетілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша зардап шеккендер саны 10 адам. Үш адамның жағдайы ауыр. Олар Чебоксары қаласының ауруханасына жеткізілген.

Ресейдің жол тәртібін қадағалау органдарының баспасөз қызметі микроавтобус пен жүк көлігі жүргізушілерінің аман екендігін айтты.

Мемлекеттік автоинспекция оқиға орнына өзінің қызметкерлерін жіберген.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.