БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шотына түскен инвестициялық табыс 623 млрд теңгеге жетті | arainews.kz

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шотына түскен инвестициялық табыс 623 млрд теңгеге жетті

235

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 623,6 миллиард теңгеге жетті.

Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш.  Қор зейнетақы активтері 8,9 триллион теңгеге жеткен. Бір жыл ішіндегі өсім 17,9 пайызды құрады. ҚР екінші деңгейдегі банктері үшін жалпы сомасы 200 миллиард теңгені құрайтын облигациялық бағдарлама аясында қыркүйек айында 29,37 миллиард теңгеге облигация сатып алынған. Мұнда орташа өлшемді кірістілік жылына 12 пайызды құрайды.

«Тұрғын-үй-құрылыс жинақ банкі» арқылы алғашқы 1000 адамға жеңілдетілген несие берілді. Берілген несиелердің жалпы сомасы – 16 млрд теңге. Қарыз жылдық мөлшерлемемен 6-8 пайызбен есептелген. Жыл соңына дейін 6000 адамды 74 млрд теңге несиемен қамту көзделіп отыр. Бұған қоса, елімізде «Баспана Хит» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша несие беріле бастағанын естеріңізге саламын. Өзге де тақырыптар жөнінде сәл кейінірек.

Қазақстандық банктердің кіріс көлемі 24 трлн теңгені құрады. Қомақты қаражат. Дегенмен, 2016 жылмен салыстырғандар бұл 10 трлн теңгеге аз. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23,9 трлн теңгені көрсеткен.  Түскен түсімнің 22 трлн-нан астамы сыйақыдан тыс қаражат. Активтерді қайта бағалаудан 20 трлн 149,3 млрд теңге, резерв-провизияларды қайта қалпына келтіруден – 849,7 млрд теңге, дилингтік операциялардан 506,8 трлн теңге, комиссиялық табыстары 352 миллиард теңгені, әртүрлі активтерді сатудан алған қаражаттары 28 млрд теңгені құрады. Осылайша қаржы көздері 96,6 пайызға жеткен.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.