Биыл күзде әскерге 17 мың азамат шақырылады

64

Қалалық Мәдениет сарайында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған жастарды әскерге шығарып салуға арналған Әскерге шақырушылар күні өтті.

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, «Жасұлан» мектеп-лицейі мен әскери-патриоттық клуб тәрбиеленушілері, әскери-техникалық мектептің курсанттары, қала әкімдігі білім беру бөлімі мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері қатысты.

Ардагерлер мен әскери қызметшілер сөз сөйлеп, құттықтады. Іс-шара соңында әскерге шақырылушылар мен қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Айта кетейік, биыл күзде республиканың әскерлері мен әскери құрылымдарына 1992-2000 жылдары дүниеге келген 17 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылады деп жоспарлануда.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.