Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 11 жатақхана салынуда | arainews.kz

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 11 жатақхана салынуда

226

Жамбыл облысында жыл басынан бері 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл жайында  Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте облыс әкімі Асқар Мырзахметов баян етті.

—  «Нұрлы-жер» бағдарламасы аясында    30 көппәтерлі тұрғын үйдің (2118 пәтерлі) құрылысы жүргізілуде, есепті кезеңде 888 пәтерлі 12 тұрғын үй (кредиттік — 10 үй 800 пәтерлі, арендалық — 2 үй 88 пәтерлі) пайдалануға берілді.

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында   11 жатақхана салынуда.

Жалпы 2232 отбасы баспанамен қамтылады, оның 895-і көпбалалы отбасы.

Сондай-ақ, жаңа салынған тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бөлігін жабуға  19 млн.теңгеге 22 тұрғын үй сертификаты берілді.

«Нұрлы-жол» бағдарламасы бойынша 45 жоба іске асырылуда, 605 шақырым  автожолдар мен көшелер күрделі жөңделді, салынды (16,2 шқ жаңа жол салынып, 6,2 шқ қайта жаңғыртылып, 32,6 шқ күрделі және 550 шқ орта жөндеуден өтеді), оның ішінде Тараз қаласында 138 көше мен бұрылыстарға асфальт салынды (78 шқ). Сонымен қатар, көшелерге түгелдеу жүргізіліп, 754 көше (835 шқ) есепке алынды.

Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдар үлесі 85% (Республикада           3 орын)  жетеді. Республикалық орташа көрсеткіш 71%.

Бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы Регламент қабылданды. Онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітілді. Нәтижесінде, 134 жобаның құны оңтайландырылып, 11 млрд.теңге үнемделді, — деді Асқар Исабекұлы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.