Балқашта саяжайлардың орнына туристік нысандар салынбақ

42

Балқашта туризм дамытылады. Халықаралық мамандар Балқаш курорт аумағының даму жоспарын құрды.

Оған негіз ретінде 93 гектар жерді алып жатқан жағалау аумағы таңдап алынды, деп хабарлайды «Өркен-медиа».

Ақ тас маңындағы Бертіс және Қаракөл шығанақтарының аумағында тағы да 600 гектар жерде нысаналы мақсат өзгертілмек, саяжайлардың орнында онда туризм нысандары болады. Бұған қоса, кәсіпкерлер өз қаражаттарына Барковский ауданындағы демалыс аумақтарында су құбырлары мен кәріз жүйелерін өткізе бастады. Оны 2019-шы жылы іске қосу жоспарланып отыр.

«Биылғы жылы Балқашта ұшу-қону жолағын қалыпқа келтіру басталды. Ол үшін 11 миллиард теңге инвестициялар бөлінді. Жыл басынан бері үш миллион теңгеге жуық қаржы салынды. Бұл біздің қалаға тұрақты рейстердің көбеюіне және үлкен ұшақтардың ұшуына мүмкіндік тудырадый», — дейді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі Байзақ Әлмағанбетов.

Қазір көлдің жағалауында 500 адам сыйдыратын 9 демалыс орындары жұмыс істейді. Тағы 300-ге жуық адам сыйғызатын 6 нысан салу жоспарда бар. Бұл жобаларды іске асыруға 500 миллион теңге инвестицияланды. Бір демалыс орны Ақ тас маңында пайда болады, ол үшін 2000 шаршы метр ауданы бар екі жер телімі бөлінген.

«Биылғы жылы көрсетілген туристік қызметтер 130 млн теңгені құрады. Қызмет көрсетілген туристер саны осы маусымда 14 мың адамнан асады», — деп түсіндірді Байзақ Әлмағанбетов.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.