Атышулы Назар Роллан босатылды

78

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы Назар Роллан Алматы қалалық әкімшілік қамауға алынғандарға арналған мекемеден шықты.

Еске сала кетейік, осыған дейін алматылық жүргізушінің жеті тәулікке қамауға алынғаны жайлы хабарланған болатын. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

«1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін — 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама — 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама — маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау — ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама — маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті», — деген еді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

kaz.tengrinews.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.