Астанада «Қазақ Моцартының» жеке концерті өтті

42

Елордада «Қазақтың Моцарты» атанған Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық кеші өтті.

Композитор әрі пианиношы, өнертану ғылымдарының магистрі,100-ден астам классикалық туындының авторы Рахат-Би Әбдісағин «Астана Опера» театрында «Зымыран Заман» атты концертін ұсынды.

Кеш барысында жас дарын 8 үздік туындыны орындады. Олардың қатарында «Романтизм жаңғырығы», «Өмірге құштарлық», «Тәңір тұрағы», «Нұрлы жол»  және «Тым-тырыстың тырсылы» шығармалары бар. Олардың бесеуі Қазақстандағы премьера.

Рахат-Би «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары қауымдастығының мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы. Бүгінгі күні оның шығармаларын Еуропа, Азия және Америка елдерінің симфониялық оркестрлері, камералық ансамбльдері мен атақты солистері орындап жүр.

Еске салайық, Рахат-Би Әбдісағин жеке концерті алдында орындалатын туындылар туралы толығырақ айтып берген болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.