Ашықтық принципі қарқынды дамуда

Сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірден-бір механизмдері болып мемлекеттік органдардың қызметтеріндегі ашықтық пен қызмет алушыға деген қолайлы жағдай жасау жатады. ​Осы бағытта Агенттікпен бірнеше жобалар жолға қойылды, атап айтқанда, фронт-офистерді ашу, «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» және «Бизнес және инфестицияны қорғау» жобасы.
Өткен жылы облыс әкімдігі және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе фронт-офистерді ашу мәселесі қолға алынды. Яғни, 7 сервистік әкімдік, 16 фронт-офис ашылып және 50 мекеме «Open space» форматында жұмыс істей бастады.
Атап айтқанда, Тараз қаласында сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары саласында қызмет көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды. Осы бағытта жұмыстар Меркі және Шу, Талас, Жуалы аудандарында да жолға қойылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.