«Ашық әкімдік» – кедергісіз диалог кепілі | arainews.kz

«Ашық әкімдік» – кедергісіз диалог кепілі

206

Тараз қалалық әкімдіктің жанындағы «Ашық әкімдік» алаңында шаһар басшысы Қайрат Досаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылғандар арасында Екатерина Уразбаева өзінің баспанасы жоқ, ресми тіркеуі жоқтығына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмағанын айта келген. Сонымен қатар тұрғын үй кезегінде тұрғанымен кезектің жылжымайтын жеткізді. Қайрат Әскербекұлы азаматша тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде тіркелгенін біліп, оған жыл ортасында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес санатын өзгертіп қайта тіркеуден өтуі қажеттігін, тұрғын үй кезегінде тіркелген көпбалалылар санының 2000 адамға жуық екенін жеткізді. Бұдан өзге тұрғын үй кезегі келгенше уақытша тұруға, көпбалалы аналарға арналып соғылып жатқан жатақханадан тұрмысының қиын жағдайын ескеріп өтініш қалдыруын сұранды.

Одан өзге қабылдауға келген Кутузов көшесінің бір топ тұрғындарына тұрғын-жай, коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары арнайы шығып, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Барлық қабылдауға келген азаматтардың назарына өтініш тілектері, қандай да болсын мәселелері әкімдік тарапынан бей-жай қалдырылмайтыны жеткізілді. Жалпы қабылдау барысында 7 тұрғынның мәселесі қаралды. Олардың әлеуметтік көмек алу, жер мен тұрғын үй алу, көшеге жарық орнату және жол салу жайында сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Еске сала кетейік, қала әкімдігінің жанынан «Жамбыл адалдық алаңында» жобасы бойынша ашылған «Ашық әкімдік» алаңында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілген. Онда тұрғындар өздерінің өтініштерін қала билігіне еш кедергісіз жеткізе алады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.