Әлем чемпионаты: Жұлдыз Ешімова қола медаль үшін белдеседі

54

Будапештте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 53 келідегі Жұлдыз Ешімова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өкінішке қарай, әйелдер күресінің өкілдері әзірге жүлдемен қуанта алмай отыр.

Кешегі жарыс күнінде қазақстандық балуан қыздар іріктеу айналымынан аса алмады. Тек 53 келідегі Жұлдыз Ешімова ғана жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.

Жұлдыз 1/8 айналымда америкалық Сара Хильдебрандтан 1:5 есебімен ұтылған болатын. Алайда, АҚШ балуаны финалға жолдама алып, Ешімова тағы да жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Ешімованың жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы — әзербайжандық Анжела Дороган.

Кеше кілемге шыққан Эльмира Сыздықова (76 келі) жұбаныш белдесуінде ұтылды. Ал Валентина Исламова (50 келі), Эмма Тисина (57 келі) және Аяулым Қасымова (62 келі) алғашқы айналымдарда қарсыластарына есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған әлем чемпионатын алдымен еркін күрес шеберлері бастаған болатын. Онда қазақстандық балуандар жарысты жалғыз күміс медальмен аяқтады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.