Әкім мен ақын | arainews.kz

Әкім мен ақын

239

Бүгін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев аймақтағы жас ақындармен кездесті. Арнайы жайылған дастархан басында  қаламегерлердің шығармашылығымен танысып, олардың әдеби көзқарасына назар аударды. Бұдан бөлек,  өңірдегі әдебиетті көтеру жолындағы ұсыныстарды да қабыл алды.

Ал, жас ақындар билік тарапынан қолдау білдіріліп, көңіл бөлініп жатқандығына алғыстарын да айтты.

 «Әкімі ақынын іздеген ел — бақытты» демей ме? Әулиеталық жас ақындарды жиған қала әкімінің бұл бастамасы елдегі әдебиеттің өсу жолында екенін бір көрсеткендей. Ол үшін бүгінгі жиналғандар дән риза.

Хамит ЕСАМАН ҚЖО ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

\\\ Қазірде Әулиеата өңірінде поэзияны қолдап әдебиетті көтеріп жүрген жастар көп. Олар үшін өлең — өмір секілді болған. Оларға бүгінгі әкімдік тарап көңіл бөліп осындай ақ дастарханға шақыруы әрине қуанарлық сәт. Осындай кездесулер көп болсын дейміз.  \\\\\

Шалқар шабыт, толқыған жүрек, бегзада көңіл. Бұл – бүгінгі кештің тіркесі. Еркін форматта өткен кездесуде ақындар алдымен  өз шығармашылығымен бөлісті.

Бірі ән айтты, енді бірі көңілден көптен бері шықпай жүрген арнау-жырларын төкті.

Жастармен кездесуден шаһар әкімі де шабыт алғандай болды. Өткен күндерінен сыр шертіп,  өлең оқыды.

2000 жылдық тарихы бар Таразды талай жырлаған Фирдаусиден кейінгі өсіп келе жатқан осындай ұрпаққа Қайрат Досаев  өз алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі.

 Қайрат ДОСАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазақ әдебиетін дамыту енді сіздердің қолдарыңызда. Өйткені болашақ жастар деп жатамыз. Демек сіздерге үлкен жауапкершілік артылуда. Шығармашылық деген ол үлкен жауапкершілікті жол. Ал сіздердің осы жолды таңдағаныңызға алғыс білдіремін. Тек енді осы жолда талмай еңбек ету керек.

Шара соңында жас ақындар бүгінгі қазақ әдебиеті жайлы  ойларымен де бөлісіп, көкейде жүрген ұсыныстарын да айтты. Сондай-ақ, шырайлы шаһарда  республикалық ақындар форумын өткізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Ал, қала басшысы бұл ұсыныстың қаралатынын тілге тиек етті. Басқосу соңында алда  жас ақындардың шығармашылық кітаптарын шығаруға да қол ұшын беретінін айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.