«7-20-25» бағдарламасы. Ипотека кімдерге және неліктен берілмейді?

75

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека берілмеуінің негізгі себептерінің бірі – адамдардың төлемге қабілетсіздігі, кірісті растай алмаушылықтары және несие тарихы бойынша қара тізімге еніп кетуі.

Бұл туралы «Баспана» Ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма басшысы Қайрат Алтынбеков айтты. Негізінен кірістің жеткіліксіз болуынан мақұлданбайтын көрінеді. Сондай-ақ несие тарихы бойынша қара тізімге кіріп кеткендер мен өз кірісін растай алмайтын адамдар бар. «Мысал келтірейін, бір адам 300 мың теңге табыс табамын деп жазды, алайда оған ипотека берілмеді. Біз тексерген уақытта оның жұмыс берушісі зейнетақы жарнасын ай сайын жібермеген болып шықты. Заң бойынша зейнетақы жарнасы табысын алған уақытта бірден түсу керек, ал бұл жағдайда тоқсанда бір рет қана кешіктіріліп түскен», деді Алтынбеков.

Krisha.kz сайты жасаған сараптаманың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы бойынша 6 несие берілсе, біреуіне берілмейді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтінім бергендердің Алматыда — 15%, Алматы облысында – 20%, Астанада – 11%-ына берілмейді екен.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.