190 телолог біліктілігін арттыру онлайн курснынан өтті | arainews.kz

190 телолог біліктілігін арттыру онлайн курснынан өтті

193

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы азат елге айрықша серпін беріп, өрге сүйрейтінін уақыт дәлелдеді. Оның әр жолында келешектің қадамы, болашақтың бағдары жатыр. Біз сол қадаммен, бағдармен кешегі «нөлдік» кезеңнен бүгінгі деңгейге жеттік. Енді, міне әлемнің дамыған елу елінің қатарына қосылуға ниеттенудеміз. Бұл жолда да қимылсыз емеспіз. Президент бағыт нұсқады, міндеттер жүктеді, тапсырмалар берді. Әсіресе, білім берудегі жаңа технологияларды дамыту жайын терең қозғады. Қасиетті Құранда да, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.у) хадистерінде де барша адамзат баласын білім алуға, сауат ашуға, оқуға шақырады. Сондықтан Президенттің бұл бастамасында игілік пен ізгілік бар.

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары бейбіт те дамушы елімізге түрлі теріс ағымдар жан-жақтан қауіп төндіре бастады. Атпал азаматтар Алланың ақ жолынан адасып, өмірлерін ойран етті. Бұл ретте, ұлттық біртұтастығымызды сақтап қалудың жалғыз жолы – қазақстандықтардың діни сауатын арттыру екені айтылды. Нәтижесінде, теолог мамандарға қажеттілік артты. Олардың көмегімен ел азаматтарының түрлі сауалдары жауабын тауып, оларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екені түсіндірілді.

Әрине, заман ағымына қарай қай саланың маманы болсын өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Діни сала мамандары да бқұл қатардан шет қалмайды. Осыған орай, өткен айдың алғашқы 3 аптасында еліміздің өңірлеріндегі 190 теолог маман біліктілігін арттыру курстарына қатысты.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған әлеуметтік жоба қашықтықтан білім беру технологиясымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн фарматта өткізілді.

Жоба аясында өткізілген оқыту курсының оқу бағдарламасына дін саласында жұмыс жасайтын теологтармен өзге дін мамандары арасында ең түйіткілді мәселелер, тұрғындар арасында көп орын алатын сұрақтардың шешемін табуға бағытталған пәндер енгізіліп, дәріс барысында қатысушыларға тиянақты түрде түсіндірілді.

Қатысушылар 16 пән бойынша дәрістерге қатысып, тақырыптарды толық меңгеріп шықты. Дінтанушылармен дін саласындағы өзге де мамандар үшін өте танымды, пайдалы оқыту курсы болып өтті.

Жоба аяқталған соң қатысқан мамандарға сертификат табысталды. Оқыту курсына қатысқан қатысушылар курс барысында жинаған білімдерін алдағы уақытта өз өңірлерінде жұмыс жасау барысында пайдаланатын болады.

Д.Әбдіғаппар,

«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы»

заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті

 

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.