«Үш бұлақ» – Тараздың маңдайалды демалыс орталығы болады | arainews.kz

«Үш бұлақ» – Тараздың маңдайалды демалыс орталығы болады

478

Жуырда Тараз қаласындағы «Үш бұлақ» каналы жаңартылып, халыққа пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.

Ұзындығы 570 метр болатын Үшбұлақ каналы абаттандырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының демалатын орталығына айналмақ.

Жалпы көлемі 34 450 шаршы метр аумаққа көгалдандыру және автоматтандырылған суғару жүйесі орнатылады.

Сондай-ақ ұзындығы 72 метр, ал ені 3 метр болатын темір көпір ою-өрнекпен көмкеріліп, көз тартымды күйге енбек.

Бұдан бөлек «Үш бұлақ» каналына 20 орындық, 20 қоқыс жәшігі қойылып, Тараз қаласындағы маңдайалды демалыс орталығы болмақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.