Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады? | arainews.kz

Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады?

94

Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз чектің көшірмесін, нарко- және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз.

1. Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз;
2. Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз;
3. Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз;
4. Қан тобыңызды көрсетіңіз;
5. Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз;
6. Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз;
7. Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз;
8. 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз;
9. Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз.

Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.