Жұмыссыз жастар санын жылына 1 пайызға қысқарту үшін тиімді шаралар қажет — Елбасы | arainews.kz

Жұмыссыз жастар санын жылына 1 пайызға қысқарту үшін тиімді шаралар қажет — Елбасы

151

«Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мың жас бітірді. Қысқа мерзімді келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түсетін болады. Бізде туу мен халық өсімі оң динамикаға ие. Бүгінде елімізде шамамен 300 мың адам немесе барлық жастардың 9 пайызы білім беруге де, еңбек нарығына да тартылмаған. Демек, осынау жастардың санын жылына 1 пайызға қысқарту үшін тиімді шаралар қабылдау қажет», — Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының дерегінше, бүгінде әлемде 18-30 жас аралығындағы 300 миллионға жуық жастың тұрақты жұмыс орны жоқ немесе жұмыссыздар қатарында жүр. Бұған қоса, ғалымдардың болжамынша, 2050 жылға қарай қазіргі уақыттағы мамандықтардың шамамен тең жартысын жасанды интеллекті алмастыратын болады. Олардың қатарында сатушы, жүргізуші, заңгер, экономист сияқты мамандықтар бар. Жасанды интеллекті адам күшін алмастыра алмайтын топ-менеджер, ғалым, мәдениет қараткері, ІТ-маманы, жоғары санаттағы дәрігер сынды мамандықтарға ғана сұраныс жоғары болып қалады.

«Жұмыс таба алмай, қиындықтарға бой алдырып, жеңіл жолды таңдайтын қыздарға да, жігіттерге де барлық уақытта назар аударып келемін. Әйтеуір бір жерде күтуші, тазалаушы болып жұмыс істеуге барлық уақытта мүмкіндік бар кезде мұны көру маған өкініш сезімін тудырады. Өзіңді саудаламай ақша табу керек», — деді Елбасы жастарға қарата.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.