Жолдауда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр — Елбасы | arainews.kz

Жолдауда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр — Елбасы

169

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын теңдессіз шаралар ұсынылып отырғанын мәлім етті.

«Осы мен айтқан бастамалардың қаржылық көлемі — 1,5 триллион теңге. Яғни, бүгінгі айтқан барлық шаруалардың құны — 1,5 трлн теңге. Ал жалпы одан да көбірек болады. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға тың серпін береді. Бұл ең сенімді әрі ұтымды инвестиция. Халқымыздың бақуатты өмір сүруі, еліміздің дамыған отыз елінің қатарына қосылуы — Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Осы жылдардың ішінде көп қиыншылықтан сүрінбей өттік. Бұл ең алдымен елдің ынтамағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы дәл осылай», — деді Президент.

Мемлекет басшысы бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса Қазақстан үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ екенін атап өтті.

«Мен әрбір Жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Қазіргі «7-20-25», «Бес әлеуметтік бастама», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Рухани жаңғыру» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты — халқымыздың тұрмысын, көңіл-күйін жақсарту. Қазақстан бағындыратын биіктер әлі алдымызда. Осы жолда халық сенімі рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытсын. Сол сенімді ақтаудан артық бізде мұрат жоқ», — деп түйді Жолдауын Нұрсұлтан Назарбаев.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.