Жемқорлықпен күрес жолдарын үйренді | arainews.kz

Жемқорлықпен күрес жолдарын үйренді

192

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында «Transparency Kazakhstan» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі ұйымдастырылды. Шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Аталған мектеп жұмысына мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері, оқытушылар, студенттер қатысты. Ауқымды шара аясында 4 сессия бойынша дәріс жүргізіліп, қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресте күш біріктірудің маңыздылығы сөз болды.

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев және облыстық мемлекеттік қызметтер істері департаментінің басшысы Равиль Төлебаев қатысып, сөз сөйледі. Мұнан соң жазғы мектептің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық жүйесі» аталатын алғашы сессиясында қатысушыларға «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Шиян дәріс оқыды. Ол дәріс барысында жемқорлыққа қарсы күресті ғаламдық мәселеге айналдырған негізгі факторларға тоқталды.

Келесі кезекте жиналғандар сессиялар бойынша тәжірибелі лекторлардың дәрісіне құлақ салды. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.