Жасөспірімнің өліміне қатысы бар азаматтар ұсталды | arainews.kz

Жасөспірімнің өліміне қатысы бар азаматтар ұсталды

218

Жамбыл облысының полицейлері 20 қыркүйек күні қала орталығындағы «Қазфосфат» ғимаратының алдында қаза болған жасөспірімнің өліміне қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмаған 5 азаматты ұстады.

Қолға түскендер 16-17 жас шамасында болғандықтан олардан заңды өкілдерінің, психолог мамандар мен адвокаттардың қатысуымен сұрау алынған. Тергеу барысында сол күні қаза тапқан азамат достарымен туған күн кешінен шықаны анықталған. Олар орталық көше бойымен жаяу келе жатып, бір топ бейтаныс балаларды кездестіреді. Қарсы беттегі «Б» есімді жасөспірім туған күн иесінің қолындағы шарын қасақана жарған. Нәтижесінде екі тарап арасында жанжал туындап, күдікті «Б» жәбірленушінің бет жақ тұсынан соққы келтірген. Салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 17 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.