Жаңа жыл қарсаңында көпқабатты үй пайдалануға берілді | arainews.kz

Жаңа жыл қарсаңында көпқабатты үй пайдалануға берілді

167

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында Жаңа жыл қарсаңында №4 шағынаудандағы 56 пәтерлі №15 үй қалпына келтіріліп, 56 отбасы баспаналы болды. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен қолға алынған жұмыстар нәтижесінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар пәтерге қол жеткізді.
Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жарты ғасырлық тарихы бар қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілуде. Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп, тұрғын үй кезегіндегілер саны да арта түсуде. Бүгінгі таңда коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 2 мыңға жуық адам тізімде тұр.
Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Биылғы жылдың өзінде көпбалалы аналар баспаналы болды. Бұл қала үшін қуанарлық жағдай. Жыл сайын бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіріп, ел игілігіне беру жұмыстары жалғаса беретін болады.
Міне, соның дәлелі ретінде бүгін ұзақ жылдар кезекте тұрған азаматтар жаңа қонысқа ие болып отыр. Жаңа үйдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бұл игі шара облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасы арқылы жүзеге асып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, белгіленген құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, жалпы ат салысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.
Баспаналы болғандарға жаңа пәтер кілттерін аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев тапсырды. Жаңа қонысқа кірген көп балалы аналар қуаныштарын жасыра алмай аналарға ерекше көңіл бөлген облыс басшысына деген алғыстарын білдіруде.
Кезегі келгендер мен кезегі жеткенше жатақхана есебінде көпбалалы аналар жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерге кіріп, бір бірлерінен қуана сүйінші сұрап, шашу шашысып жатты.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.