Жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін қалай алуға болады? | arainews.kz

Жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін қалай алуға болады?

1 288

Баланың дүниеге келуі — әр отбасының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ата-аналар тууды тіркеу туралы өтінішті баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру қажет.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV Кодексіне сәйкес баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

Баланың туу туралы медициналық куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында қағаз жеткізгіште берілген баланың туу туралы медициналық куәлігі медициналық ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылуғаН, ал электрондық нысанда медициналық ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуға тиіс.

Бүгінгі күні баланың тууы туралы өтінішті бірнеше жолмен беруге болады:

1. Мемлекеттік корпорация арқылы;

2. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерi;

3. egov.kz порталы арқылы;

4. абоненттің ұялы телефоны, SMS арқылы (баланың тууын проактивті тіркеу);

5. екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Жамбыл облысында жарты жылда 15 543 жаңа туған нәрестеге туу туралы куәлік берілді.

Тууды тіркеу тегін екенін ескеріңіз. Бірақ азаматтық хал актісін өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе қалпына келтіру қажет болған жағдайда 1932 теңге көлемінде тіркеу алымын төлеу керек.

“Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.