Жамбылда құрылыс көлемі 59,7 миллиард теңгені құрады | arainews.kz

Жамбылда құрылыс көлемі 59,7 миллиард теңгені құрады

412

Жамбыл облысының экономикасында құрылыс көлемі 59,7 миллиард теңгені құрап, 8,2 пайызға өсті.

Қазір облыс орталығында, әсіресе, тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасы тікелей әсер етіп отыр. Осының арқасында «7-20-25» жобасы жүйелі жүзеге асырыла бастады. ҚР Ұлттық банкінің Жамбыл облыстық филиалы берген мәліметке сәйкес бүгінгі күнге дейін аймақта аталған бағдарлама аясында құны 148 млн теңгенің 14 өтініші түскен. Оның 10 мақұлданды. Жалпы өңірде жыл басынан бері 10 көпқабатты үй пайдалануға беріліп, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыста 90% отандық өнім пайдаланылуда. «Бұл отандық құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарға үлкен нарық көзі болып отыр. Сонымен қатар жергілікті экономикаға да өз әсерін тигізбей қоймайды», — дейді мамандар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.