Жамбыл өңірінде алғаш инклюзивтік балалар театры байқауы өтті | arainews.kz

Жамбыл өңірінде алғаш инклюзивтік балалар театры байқауы өтті

10

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы және «Инклюзия және театр» жобасы асяында «Жүрекпен оқыған шығарма» атты алғашқы инклюзивтік театр байқауын ұйымдастырды. Аталған байқауға №2 «Болашақ» мектеп – интернатының оқушылары қатысты. Тартысты сайыста бес театрландырылған шағын көрініс сахналанды. Атап көрсетсек: «Ер, Бәуке», «Оян, қазақ!», «Махаббат мұңарасы», «Ай мен Айша» және «Жусан иісі» атты шығармалардан үзінділер көрсетілді.
Сонымен қатар, қаламыздың «Асыл Арман» өнер шығармашылық орталығы, «А-Жұлдыз» өнер мектебі, мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Драма» студиясының оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды.
Нәтижесінде инклюзивтік қойылымдар мына номенациялар бойынша бағаланып, марапатталды. «Үздік актерлық шеберлік» номенациясымен Байгубек Шархат, «Екінші пландағы роль» номенациясымен Сағындық Айсана, «Көрермен көзайымы» номенациясымен 9 сынып оқушылары, «Үздік театр труппасы» номенациясымен 5-6 сынып оқушыларынан құралған актерлық труппа марапатталса, «Үздік қойылым» номенациясын 8 сынып оқушылары алды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.