Жамбыл облысында сот өндірісін цифрландыру ісі оң нәтиже беруде | arainews.kz

Жамбыл облысында сот өндірісін цифрландыру ісі оң нәтиже беруде

158

Жамбыл облысында алғаш рет енгізілген пилоттық жоба судьяға іс материалдары тіркелген сәттен бастап, сотқа түскенге дейін электронды түрде қолжетімді болды.

Яғни тың жүйенің тиімділігіне тоқталсақ, тергеушінің, адвокаттың, сарапшының әрбір процессуалды іс-қимылы ашық бола түсті. Бұл судьяға істі жан-жақты түсінуіне үлкен мүмкіндік беріп отыр. Процеске қатысушылар оның ішінде қорғаушы да іспен қашықтықтан таныса алады. Мәселен, биылғы жылы электронды түрде 79 азаматтық іс қаралған. Цифрландыру саласындағы жаңа технологиялар уақытты тек үнемдеп қана қоймай, коммуникация мен басқарушылықты жеңілдетуге өз септігін тигізуде.

– Жамбыл облыстық соттарына әкімшілік істерінің 98 бүтін оннан екі пайызы цифрлық форматта түседі. Сонымен қатар қазіргі таңда заңдылық судьяға көмек модулі ретінде бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама тіпті сот судьяға, сотталушыларға жаза тағайындауға өз ықпалын тигізіп жатыр, – дейді облыстық соттың судьясы Ғалым Құлекеев.

24.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.