Жамбыл облысы: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 өтініш мақұлданған | arainews.kz

Жамбыл облысы: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 34 өтініш мақұлданған

249

Облыста «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына жүгінетіндер көбейіп келеді.

Еске сала кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының аясында Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын бекіткен болатын, оның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ. Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың шілде айында жалпы құны 31 теңгені құрайтын небәрі үш өтініш тапсырылған болатын.

«Біздің облыста осы бағдарлама бойынша алты банк несие беріп жатыр. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 410 миллион теңгені құрайтын 52 өтініш қабылданып, соның 34-і (284 млн теңге) мақұлданды, 29 өтініш иелеріне жалпы сомасы 247 млн теңге несие берілді. Бұл ретте «Банк Центр кредит» көшбасшы болып отыр, олар 28 өтінішті қаржыландырған. Тағы бір өтінішке несиені «АТФ Банк» берді. Қалған банктер бұл бағдарламаға кейінірек қосылғандықтан, олардың бағдарламалық жасақтамаларын реттеп алуына уақыт керек болып тұр», — дейді Ұлттық банктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин.

Жамбылдықтардың «7-20-25» бағдарламасына аса қызығушылық танытпай отырғанын мамандар өңір тұрғындарының төмен жалақысымен байланыстырып отыр. Осыған дейін облыста «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаны төлеуге 400 млн теңге қарастырылып жатқандығын хабарланған болатын.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.