Қала күні қарсаңында Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімшілігінің ғимараты жаңадан абыттандырылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.
Мәселен, облыс әкімшілігінің алдына 128 868 гүл егіліп, 12 орындық, 8 урна қойылды. Сондай-ақ бұрынғы көк базардағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші облыс әкімшілігінің алдына көшіріледі. Ал қала әкімшілігіне 46 177 гүл егіліп, 33 орындық, 20 урна қойылды. Бұдан бөлек қос әкімшіліктің алдындағы су бұрқақтар қызылды жасылды реңге еніп, қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлайды.