Жаман ауру адам таңдамайды | arainews.kz

Жаман ауру адам таңдамайды

143

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ресми парақшасында жариялады, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі.

Абай Құралбекұлы 6-27 қазан аралығында «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу туралы бүкіләлемдік күні» шеңберінде әйелдер денсаулығын қорғауға арналған акция туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Біздің облыста 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 44191 әйел, қаралғаны — 35693, яғни 81,1%, анықталған сүт безі қатерлі ісгі 60, оның ішінде I сатысында — 15 (25,0%), II сатысында – 45 (75,0%).
Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 57056 әйел, қаралғаны — 46225, яғни 81,0%, анықталған жатыр мойны қатерлі ісігі — 17 оның ішінде I сатысында -7 (41,1%), II сатысында – 10 (58,8%).
Тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша жоспар — 48253 адам, қаралғаны — 42164, яғни — 87,3%, анықталған қатерлі ісік саны — 16 оның ішінде II сатысында -13 (81,2%), III сатысында — 3 (19,0%).
Бұның қорытындысы I — II сатысында анықталған аурулар жақсы емделеді деген сөз.
Сүт безі қатерлі ісгін ерте анықтау тәсілінің бір түрі тұрғындардың сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болуы, осыған байланысты осы айлық өткізілуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.