Жалдамалық заң бойынша қатаң жазаланады | arainews.kz

Жалдамалық заң бойынша қатаң жазаланады

13

Құрметті азаматтар! ҚР Қылмыстық кодексінің 170-1-бабы («Жалдамалылық») бойынша да қатаң тыйымдар қарастырылған.
📌 Не білу керек?
• ҚР ҚК-нің 170-1-бабы жалдамалылықты қылмыс деп таниды;
• Шетелдегі қақтығыстарға жалдамалы ретінде қатысқан азаматтар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;
• Жастарды жалдамалылыққа үгіттеу немесе тарту – аса ауыр қылмыс!
Тыйым салынған әрекеттер:
• Бөтен елдің әскери қақтығысына жалдамалы ретінде бару;
• Әлеуметтік желілерде жалдамалылықты насихаттау;
• Қарулы топтарға заңсыз қосылу.
Әр азаматтың міндеті:
• Заңды құрметтеу;
• Жастарды бейбіт өмірге, еңбек пен білімге ынталандыру;
• Күдікті ақпарат пен жалған үгітті құқық қорғау органдарына хабарлау.
🇰🇿 Қазақстан – бейбіт ел! Бірлігімізді сақтап, тыныш өмірімізді қорғау – әрқайсымыздың парызымыз.
Жалдамалылыққа – жол жоқ!

#ҚРҚК170бап #ҚРҚК172бап #ҚРҚК1701бап #БейбітЕл #ЗаңБәріненЖоғары

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.