Түзеу мекемесінде облыстық филармония әншілері концерт қойды | arainews.kz

Түзеу мекемесінде облыстық филармония әншілері концерт қойды

73

Темір торға тоғытылғандардың бірқатар құқықтары шектелгенімен, олардың қоғаммен байланыс жасауына кедергі жоқ. Қолданыстағы заңға сәйкес, арнайы контингентті жұмыспен қамту, медициналық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыда көмек беру кешенді жүзеге асырылуда. Сондай-ақ сотталған азаматтардың түзеу мекемесінің аумағындағы мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысуына мүмкіндік бар.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 түзеу мекемесінде ұйымдастырылыған қайырымдылық концерттің негізгі мақсаты да осыған саяды. Бұл күні жазасын өтеушілер облысқа белгілі әншілердің орындауындағы ән мен күйді тыңдады. «Бір ән – бір ғұмыр» атты шара барысында Шал ақын мен Майлықожаның термелері, Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей», «Құшақ жайған қандай адам» әндері сондай-ақ жүрек тебірентерлік өзге де әндер шырқалды. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілердің санасында сілкініс тудырып, рухын көтеретін патриоттық әндер де орындалды.

Шара соңында сотталғандар азаматтар шараның өз деңгейінде өтуіне себепші болған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.