Түсіндіру жұмыстары өтті | arainews.kz

Түсіндіру жұмыстары өтті

328

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Аслан Оразбековтың төрағалығымен, Қоғамдық Кеңестің төрағасы Сембек Сейдәзімовтің және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын түсіндіру жұмыстары өтті.

Аталған іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Ә.Әжібаев өз баяндамасымен сөз сөйледі.

Шара барысында қызметкерлер тарапынан бірқатар ұсыныстар мен сұрақтар қойылып жауап берілді.

Еске сала кетейік, аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорылққа қарсы қызмет) Төрағасының тапсырмасына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірлердегі мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарында, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде жалпы республикалық «Адалдық сағатын» ұйымдастыру тапсырмасына сәйкес өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.