Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2-Ө «Тараз қаласында эпидемиологиялық талаптарды сақтау, қызметін бастаған нысандардың (объектілердің) дайындығын бағалауды жүргізу жөніндегі мониторингілеу тобын құру туралы» өкімімен бекітілген мониторингтік топ мүшелері қайта жаңартылып бекітілді.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №128-Ө «Тараз қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында «Үйлестіру орталығы» құрылды.
2020-2021 жылдары карантин уақытында шектеу іс-шараларын сақтамағандығы үшін 256 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 58 110 985 теңге соммасында айыппұл салынды.
2021 жылдан бастап 45 объектіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып 11 110 985 теңге сомасына айыппұлдар салынды.
4 талап-арыз материалдары ауданаралық экономиалық сотка нысанның қызметін тоқтатуға жіберілді. 3 нысанның қызметі тоқтатылды.
7 материал әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің болмауына байланысты қараусыз қалды (қызметтік жазба), 7 материал жұмыс үстінде.