Таразда Ұлттық ұлан сарбаздары бір күнде үш қылмысты ізін суытпай ашты. | arainews.kz

Таразда Ұлттық ұлан сарбаздары бір күнде үш қылмысты ізін суытпай ашты.

614

Таразда Ұлттық ұлан сарбаздары бір күнде үш қылмысты ізін суытпай ашты.

Осылайша, қатардағы жауынгерлер Әлібек Байташев, Нұрасыл Оралғазин және Әкімжан Сәлиевтен құралған әскери жасақ бір адамды ұстады. Тексеру кезінде одан iPhone 8+ телефоны мен 358 мың теңге көлемінде ақша табылды. Бұған дейін әскери қызметкерлерге 4-ші шағынауданда адам тонау қылмысы жасалғаны туралы хабарлама келген болатын. Ұсталған азамат полицияның тірек пунктіне жеткізілген.

Сол күні қатардағы жауынгерлер Аңсаған Орынов, Бахтияр Житваев және Александр Ильин Т.Рысқұлов көшесінде күдікті болып көрінген азаматты ұстаған. Тексеру кезінде оның құжаттары болмағаны анықталды. Тұлғасын анықтау үшін ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, онда LG маркалы телефонды ұрлағаны үшін іздеуде екені анықталған. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Үшінші оқиғада Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімінің сержанты Әлімжан Жүнісов, қатардағы жауынгерлер Аслан Қалықбай және Бауыржан Құрманбековтен құралған әскери жасақ  Тараз тұрғынына ұрланған велосипедін қайтаруға көмектесті. Оны ұрлаған адам полиция бөліміне жеткізіліп, кінәсін мойындады.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.