Таразда  «Taraz-ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы өтіп жатыр (Фоторепортаж) | arainews.kz

Таразда  «Taraz-ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы өтіп жатыр (Фоторепортаж)

216

Таразда  «Taraz-ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы өтіп жатыр.

Ауқымды шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова арнайы келіп қатысты.

– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани Жаңғыру» жобасына бастамашылық ете отырып, біздің салт-дәстүріміздің, ұлттық әдет-ғұрпымыздың, тіліміздің, әдебиетіміздің әрдайым бізбен бірге қалу керектігін атап өтті. Бүгін осы залда әлемге әйгілі дизайнерлер отыр. Таразға қош келдіңіздер, — деді Г.Әбдіқалықова.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараздағы халықаралық сән апталығына келген қатысушылар мен қонақтарды осындай ауқымды іс-шарамен құттықтады.

Сонымен қатар, ұлтымыздың ұлттық тағамдарын шетелдіктерге насихаттау мақсатында «Дәмді, «Taraz food tourism — 2018» ұлттық тағамдар көрмесі өткізілетін болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шарада жергілікті аспаздар келушілерге түрлі тағам түрлерін ұсынып, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.