Таразда тағы 3 инвестжоба жүзеге асады | arainews.kz

Таразда тағы 3 инвестжоба жүзеге асады

149

Тараз қаласында 2020 жылы жалпы құны 22 млрд. 251,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.

Атап айтқанда «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік.

Сол сияқты «Ekojer» ЖШС «Қоқыс өңдеу зауыты» жобасын ұсынып отыр. Оның құны 17,5 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 100 мың тонна қоқыс. Нәтижесінде 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың екінші жарты жылдығына ыңғайластырылып отыр.

Ал, үшінші «TARAZLING» ЖШС сұйытылған табиғи газды (метан) өндіруге күш салмақ. Жобаның құны – 891,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық Аймақтық Үйлестіру Кеңесіне қосымша 2 жоба ұсынылған болатын.

Олардың қатарында «Дәмді себет» ЖШС ұсынған «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасының құны 320 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы 2160 тонна ұн өнімдері. Нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Сол сияқты «Тараз-Өнерпаз» ЖШС «Тараз қаласының индустриалдық аймағында логистикалық, техникалық қызмет көрсету және арнайы техниканы, жолаушылар мен жүк көліктерін жөндеу бойынша өндірістік қызметті ұйымдастыру» жобасын ұсынып отыр. Оның құны 120 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 504 көлікке қызмет көрсетіледі, 21 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Ал іске асыру мерзімі 2020 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.