Таразда «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді | arainews.kz

Таразда «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді

275

Ертең Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атты бір топ ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы басқарма басшысы Берік Уәли өз парақшасында жариялады деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі.

Жиынға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Түркияның Карабюк университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Энвер Қапаған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор, ф.ғ.д. Жантас Жақыпов қатысады. Сондай-ақ алқалы бас қосуға Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының орфография бөлімінің басшысы Құралай Күдеринова мен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай Ұлттық әліпби үлгісін жасаудағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндайды.

Жиын Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимаратында өтеді. Басталу уақыты сағат 9.30.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.