Таразда «Күзгі тазалық» эко акциясы өтті | arainews.kz

Таразда «Күзгі тазалық» эко акциясы өтті

56

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын.

Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Сондай-ақ әрбір адамның өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.

Бүгін «Таза Қазақстан» акция аясында «Бәйтерек» ықшамауданында орналасқан каналдың аумағы мен көпсалалы балалар ауруханасының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына осы аумақтың тұрғындары, белсенді жастар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, «Жасыл ел-Тараз» мекемесі қатысып,  қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық  мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып, канал айналасын қоқыстан тазартып, шығарды.

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында «Жасыл ел-Тараз» мекемесіарнайы техникалармен келіп, қаланың жастары әр саланың қызметкерлерімен жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

«Бүгін міне  Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған алғашқы күзгі тазалық акциясы өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі, өскелең  ұрпақтың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз», – дейді мәдениет саласының қызметкері Б.Абеков.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.