Тараз түрмесіне тыйым салынған зат лақтырған азамат ұсталды | arainews.kz

Тараз түрмесіне тыйым салынған зат лақтырған азамат ұсталды

5 792

Таразда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты № 25 мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырған азамат құрықталды. 37 жастағы азамат түрме қоршауынан белгісіз затты лақтырып, артынша ізін суытуға әрекеттенген. Алайда, мекеме қызметкерлері 5513 әскери бөлім қызметкерлерімен бірлесіп күдіктіні қолға түсірді. Құрықталған заң бұзушы азамат абақтының қоршауынан түйіншек лақтырғанын толықтай мойындады. Енді тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болуға әрекеттенген азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 297-бабының 1-тармағы бойынша абақтыға қамалды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.